Экономиканың нақты секторы дамудың драйверіне айналып келеді – Әсет Ерғалиев

811

Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев қаңтар-сәуір аралығындағы жалпы ішкі өнімнің көрсеткішін жариялады. 

Экономиканың нақты секторы дамудың драйверіне айналып келеді – Әсет Ерғалиев

Министрдің мәлімдеуінше, есептік кезеңде жалпы ішкімнің өсу қарқыны 0,7% -ды құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2021 жылғы қаңтар-сәуір қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны өткен жылғы наурыз айынан бері алғаш рет 0,7%-ды құрады. Қазақстан экономикасы өсудің қалпына келу серпініне өтуде. Қызмет көрсету саласының өсуі жақсарды. Ішкі сұраныс жақсаруда. Өңдеу өнеркәсібі саласында серпінді және тұрақты өсу байқалады. Қызмет көрсету саласы оң өсімді көрсетіп отыр. Сонымен бірге экономиканың өндіруші емес салаларында негізгі капиталға құйылған инвестиция айтарлықтай өсуде. Жалпы алғанда, экономика өсімінің құрылымда сапалы өзгеріс байқалуда", –деді Әсет Ерғалиев.

Оның сөзінше, экономиканың нақты секторы дамудың драйверіне айналып келеді. Нақты сектордағы өсу 7,9%-ды құрады. Құрылыс, ақпарат пен байланыс, өңдеу өнеркәсібі, сумен және электрмен жабдықтау, ауыл шаруашылығы салаларында оң көрсеткіш тіркеліп жатыр. Өңдеу өнеркәсібі соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті. 

"Қызмет көрсету саласы қалпына келе бастады. Сауда 5,7%-ға өсті. 
Өңдеу өнеркәсібі саласында қарқынды және тұрақты өсім байқалуда. Бұл осы саланың бәсекелестікке қабілеттілігін көрсетеді. Атап айтқанда өсім машина жасауда – 20,6, оның ішінде автомобиль құрастыруда – 25,4, құрылыс материалдарында – 26,5, химиялық өнімдер өндірісінде – 11,2, пластмасса өнімдері өндірісінде – 18,5, фармацевтикада – 26,2, киім өндірісінде – 23,6 және жиһаз өндірісінде – 19,5% деңгейінде тіркелді", – деді Әсет Ерғалиев. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу