Экономиканың өсімі 3,9 пайызды құрады

394

Бұл – биылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша көрсеткіш. 

Экономиканың өсімі 3,9 пайызды құрады Фото: inbusiness.kz

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров әлеуметтік-экономикалық даму туралы баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Оның ішінде нақты сектор – 3,8%-ға, ал қызмет көрсету саласы 3,5%-ға өсті.

Салалар арасында ең жоғары өсімді құрылыс (12,8%), көлік және қоймалау (11,4%), ақпарат және байланыс (10,6%), сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі (6,9%) көрсетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 0,6%-ды құрады. Инвестициялар ағыны білім беруде – 3,6 есеге, қаржы және сақтандыру қызметінде – 3 есеге, көлік және қоймалауда – 2,1 есеге, құрылыста – 2 есеге, ақпарат және байланыста – 20,9%-ке, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінде 15,8%-ға өсті", - деді ведомство басшысы.

Нұрлан Байбазаровтың дерегінше, өңірлер арасында ең жоғары өсім Жетісу, Ұлытау, Жамбыл және Алматы облыстарында байқалды.

"Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылы сыртқы сауда тауар айналымы 3,2%-ға өсіп, 140 млрд долларға жуықтады. Экспорт 79 млрд долларға жуықтап, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты 25 млрд-тан аса долларды құрады. Тауарлар импорты 61 млрд доллардан асты", - деді Ұлттық экономика министрі.

Айта кету керек, осыған дейін Үкімет құрамына кірген жаңа министрлер ант бергенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу