Экономикасы қыспаққа түскен елдер

423

Аргентина мен Түркияда тұрмысы нашар адам саны көбейді.  

Экономикасы қыспаққа түскен елдер Фото: google.com

Аргентинада инфляция бәсеңдемей тұр. Салдарынан тұрмысы нашарлаған адам саны көбейген. Мемлекетте әр оныншы тұрғынның төртеуі қаржы қыспағына түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі reuters-ке сілтеме жасап. 

Бір жылдағы инфляция 114 %-дан асты, бұл – әлемдегі ең жоғары көрсеткіштің бірі. Сарапшылардың болжамынша, жыл соңына дейін ол 150 % жетеді.

Түрік лирасының да құны арзандады. Түркия Орталық Банкі лираның тұрақты бағамын ұстап тұру үшін екі жыл ішінде 199 миллиард долларды сатты, дейді Блумберг экономистері. 

Осылайша, ай сайынғы интервенциялардың қосындысы шамамен 12 миллиардты құрады. Америкалық валютаға қатысты түрік лирасы бір апта ішінде 7 %-ға құнсызданған. Бұл – 2021 жылдан бері тіркелген ең ірі  девальвация. Экономистер мұны елдегі жоғары инфляциямен және төмен пайыздық мөлшерлемелермен байланыстырады.

"Орталық банк пайыздық мөлшерлемені енді жиі көтереді деген болжамға қарамастан лира арзандап жатыр. Бірақ еркін нарық пен реттеуші органның бақылауды төмендетуіне байланысты жағдай түзеледі деп ойлаймын", - деді   экономист Энвер Эркан. 

Ал Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы әлем экономикасы келер жылдан бастап қалыпты дамиды, дейді. 

Биыл ол 2,7%, ал келесі жылы 2,9% өсім көрсетуі тиіс. Оған дүниежүзінде орталық банктердің пайыздық мөлшерлемені көтеруі ықпал етпек. Қосымша тәуекелдер "инфляцияның тұрақтылығын" тудырады, делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу