Экономист: Бізде тұрғын үйді жарнамалаумен негізінен ресейлік сайттар айналысады

737

Бұл сұраққа экономист Мақсат Сералы жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Экономист: Бізде тұрғын үйді жарнамалаумен негізінен ресейлік сайттар айналысады

Маманның айтуынша, жалпы тұрғын үй нарығындағы баға ешқашан төмендемеген. 

"Біз ішкі нарықты қамтамасыз етпейінше, баға өсуін тоқтатпайды. Жыл сайын тұрғын үй 12%, 14%, 18%-ға қымбаттап жатыр. Жаңадан салынған немесе қайталама нарықтағы үйлер болсын, бәрінің де бағасы өсіп жатыр. Баға тіпті баспана категориясына да қарап жатқан жоқ. Элиталық санаттағы үйлердің де қымбаттағаны байқалып отыр. Әрине, олар біраз қымбаттайтыны сөзсіз. Өйткені онда Еуропа мемлекеттерінен шикізат, құрылыс материалдары қолданылады. Мәселен, Италиядан әкелінген кафель, француз ламинаты секілді материалдар автоматты түрде қымбаттайды. Эконом класстағы үйлер де қымбаттайды, себебі біз ішкі нарықты әлі толыққанды қамтамасыз етіп тұрған жоқпыз. Сондықтан баға осылайша өсе береді", – деді қаржы маманы.

Ал тағы да жылжымайтын мүлік нарығы бойынша сарапшылардың пікірінше, мемлекет тарапынан тұрғын үй бағасы реттелмегендіктен, баға әлі де шарықтай беретін көрінеді. Сонымен қатар тұрғын үй жарнамасымен айналысатын интернет желілер де шетелдік. Бағаның өсуіне бұл да айтарлықтай әсер етеді екен.

"Қазір бізде тұрғын үйді жарнамалаумен негізінен ресейлік сайттар айналысады. Елімізде осы саладағы сайттарға жарнама көп беріледі, бірақ оның жұмысы қалай реттеліп отырғаны бізге беймәлім. Бағаның оңды-солды ауытқуы осы агрегаторларға да байланысты. Осы уақытқа дейін тұрғын үйге жарнама жасайтын сайт неге жасалмай отыр? Отандық тауарларды өз сайттарымыз арқылы жарнамалауға көшіп, шетелдік агенттіктерге тәуелді болмауымыз керек", – деді маман.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу