Экономист Ұлттық банктің базалық көрсеткішті төмендеткеніне пікір білдірді

970

Экономист Ұлттық банктің базалық көрсеткішті төмендеткеніне пікір білдірді

Экономист Расул Рысмамбетов Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені 0,25-% ға төмендету туралы шешімінің елдегі несие нарығына қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Меніңше базалық мөлшерлемені 0,25 % ға төмендету банктердің несие беруіне елеулі әсер ете қоймайды. Яғни, банктердің осындай нарықтық ахуалда несие беруге құштарлығын арттыра қоймайды. Банктер тек экономикалық тұрақтылық  пен пайда болған жағдайда ғана несие бере бастайды. Қазіргі таңда ең табысты салаларда мемлекеттік несие ұйымдары отыр. Олар бюджеттің қаржысына арқа сүйеп, банктердің тынысын тарылтып отыр. Банктер неліктен қарсы шықпай отыр? Себебі, пайыздық мөлшерлемеге мемлекет демеуқаржы беріп отыр. Бұл қысқа мерзімде өтемақы ретінде демеу болғанмен, ұзақ мерзімде бәсекеге қабілетті компаниялардың жоғалып кетуі мүмкін. Базалық мөлшерлеменің төмендеуі - оның инфляция мен банктердің несиелік қызметіне ықпалын бажайлау үшін жасалып отырған әрекеті", - деді Расул Рысмамбетов.

Айта кету керек, бүгін ҚР Ұлттық банкі базалық көрсеткішті 10,5% -дан 10,25 % ға төмендетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу