Экономист: Жаңа мемлекеттік ипотекалық бағдарламалар баспананы қолжетімсіз ете түседі

637

Елімізде жаңа мемлекеттік ипотекалық бағдарламалар пайда болса, баспана халыққа бұрынғыдан бетер қолжетімсіз болып қалады. 

Экономист: Жаңа мемлекеттік ипотекалық бағдарламалар баспананы қолжетімсіз ете түседі Фото: Егемен Қазақстан

Экономист Алмас Чукин осындай пікір айтты. Сөзінше, мұндай бағдарламалар жылжымайтын мүлікке деген сұранысты арттырып жібереді. Салдарынан, баға шарықтап кетеді. Сондықтан жеңілдікпен ипотеканы қазақстандықтардың белгілі бір санатына ғана беру қажет,- деп санайды. Банк секторы да осындай бағдарламалардан зардап шегеді, дейді Чукин.

Өйткені қаржы институттарында ипотека жоғары пайыздық мөлшерлемемен беріледі, ал мемлекеттің шарттары тиімдірек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу