Экономистер криптовалютаның қолданылуын бақылайтын бірыңғай банк құруды ұсынуда

939

Экономистер криптовалютаның қолданылуын бақылайтын бірыңғай банк құруды ұсынуда

Цифрлік банкноттар Бразилияға да жеткенімен, ел билігі мемлекеттік құрылымдарға криптовалютаға қаржы салудан бас тартуды ұсынды, деп хабарлайды 24.kz.

Бразилия билігі  елдегі  қаржы активтерін виртуалды емес, жіті бақылауға ұстауды жөн көреді Бұл ретте криптовалюталар Бразилияның қаржы реттеу органының құзырына кірмейтіні туралы инвестициялық қорларға ескерту жасалды. Сәйкесінше, оларға биткоинға ақша құюға тыйым салынды. Аталмыш жобаның келешектегі тағдырын Бразилияның биржалары мен құнды қағаздары жөніндегі комиссиясы шешеді. Өйткені дәл осы ведомство цифрлік валютаны реттеу жүйесін жүйелі жүзеге асыруға тиіс.

"Бразилиядағы криптовалюта тағдырын уақыт көрсетеді. Нақты бір байлам жасауға әзірге ерте. Заңға кейбір түзетулер енуі мүмкін. Барлығы егжей-тегжейлі тексеріліп, пысықталатын болады. Соның ішінде осы мәселе бойынша өзге елдердің тәжірибесі де зерттеледі", - дейді саяси сарапшы Изаиас Жулио Соррентино.

Желтоқсанның аяғында бразилиялық шенеунік Экспедито Нетто ұлттық реттеу органының тиісті рұқсатынсыз биткоинды айырбастау мен сатуға тыйым салу ұсынысын жариялаған болатын. Нетто бұны орындамағандарға айыппұл салу немесе жарты жылға қамауға алу туралы бастама көтерді. Ал бүгін қаржы құюға тыйым салынғаннан бөлек, Бразилияның мемлекеттік құрылымдарына шет ел компаниялары арқылы криптовалютаға қаржы салу секілді жанама салымдардан  аулақ болу тапсырылды.

Экономистердің пікірінше, түйіткілдің түйінін тарқату үшін виртуалды қаржы әлемінде цифрлік валютаның мәселесін және қолданылуын бақылайтын бірыңғай банк құру қажет. Әзірге бизнес-инвесторлар ең танымал криптотиын биткоиннің тұрақсыздығын бақылап отыр.  Бір ай бұрын оның құны шамамен 20 мың доллар болса, бүгінгі таңда валюта 14 мың доллар деңгейіне дейін төмендеді.

Өткен жылы Бразилияның депутаттар палатасында криптовалюта бақылайтын арнайы комитет құрылған болатын. Жарты жыл ішінде шенеуніктер электронды ақша тағдыры сөз болған жеті тыңдалым өткізген. Жиын қорытындысы бойынша, мамандар бүгінгі таңда криптовалюта ел экономикасының дамуы үшін ең қауіпті және біркелкі тәсіл емес деген қорытындыға келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу