"Экосағат" акциясы аясында 200 мыңнан астам ағаш отырғызылды

1697

Бүгін ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Республикалық "Экосағат" акциясына қатысты.

"Экосағат" акциясы аясында 200 мыңнан астам ағаш отырғызылды

Іс-шара Дүниежүзілік мекендеу жерлерін қорғау күніне орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Республикалық экологиялық сағат аясында министр № 71 мектеп-лицейінде болып, мектеп оқушыларымен қоршаған ортаға құрметпен қарау, саналы тұтыну және салауатты экологиялық әдеттерді дамыту мәселелерін талқылады. Осыдан кейін оқушылар министрмен бірге мектеп алаңына көшеттер отырғызды.

Жалпы, бұл күні бүкіл ел бойынша мектеп оқушылары және олармен бірге мұғалімдер, министрлер, әкімдер, қоғам қайраткерлері 200 мыңнан астам ағаш отырғызған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу