ЕКПА: Қазақстанға қатысты "көзілдірікті" түзейтін уақыт келді

760

ЕКПА: Қазақстанға қатысты "көзілдірікті" түзейтін уақыт келді

Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясы Қазақстанға қатысты бұрынғы көзқарастан арылуға үндеп отыр. Себебі бүгінде аталған мемлекет Еуразия аймағында тұрақтылықтың тірегіне айналды. Қазақстан Иранның ядролық бағдарламасы мен Сирия дағдарысы сияқты жаһандық маңызы бар мәселелерді шешуге де өзінің қомақты үлесін қосып келеді. ЕКПА өзінің қарарында осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ЕКПА-ның вице-президенті Аксель Фишердің баяндамасы негізінде даярланған қарар Копенгагенде өткен тұрақты комитеттің бүгінгі отырысында қабылданды. Бундестаг депутаты Фишер өз баяндамасында Нұрсұлтан Назарбаевтың реформалары мен халықаралық бастамалары жайында айта келе, Қазақстандағы өзгерістерді де жан-жақты суреттейді. Орталық Азияда қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жетекші рөліне де баса назар аударылады.

"2016 жылы 1 маусымда мен сол кездегі сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен кездескен едім. Сол кезде ол Еуропа Қазақстанға қай "көзілдірік" арқылы қарайтынын, сол "көзілдірікті" түзейтін уақыттың келгенін жеткізген. Шынымен де, ол уақыт келді", - дейді ұйымның вице-президенті, Бундестаг депутаты Фишер.

Оның ойынша, Қазақстан мен Еуропа кеңесі арасындағы ынтымақтастықты әлі де тереңдете түсу керек. Одан екі жақ та ұтады. 

Айта кетейік, парламенттік ассамблея Еуропа кеңесінің құрамына кіреді. Қазақстан кеңеске мүше болмаса да, оның құрылымдарымен тығыз байланыс жасап келеді. 2004 жылдан бері ҚР парламентінің делегациялары ЕКПА-ның отырыстарына үнемі қатысып отырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу