ЕКПА Навальныйды 2021 жылдың 7 маусымына дейін босатуға үндеді

843

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі сарапшылары саясаткердің өміріне қауіп төніп отыр, ол азапталып жатқан болуы мүмкін деген пікірде.  

ЕКПА Навальныйды 2021 жылдың 7 маусымына дейін босатуға үндеді

Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) мүшелері ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйды 2021 жылдың 7 маусымына дейін босатуға үндеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz ведомствоның мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Қарар ды 105-сі қолдап, 26-сы қарсы болды. 11 мүше дауыс бермеді.

Навальныйдың босатылуына дейін ЕКПА Ресей тарабынан саясаткерге медициналық көмек көрсетуді және оның құқықтарының толық сақталуын қамтамасыз етуді талап етіп отыр.

21 сәуірде ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың жақтастары бүкіл ел бойынша наразылық акцияларын өткізген еді. Олар қазір түрмеде жазасын өтеп жатқан саясаткерді босатуды  талап етіп бас көтерді. Абақтыға қамалған Навальныйдың денсаулығы нашарлап, наурыз айының соңында ол медициналық көмектің жоқтығына байланысты аштық жариялаған еді.

Ақпан айында Навальный шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарттарын бұзды деген айыппен 2,5 жылға түрмеге қамалған еді. Ол қаңтар айында Германиядан келген бойда қамауға алынды. Германияда оппозиционер химиялық затпен уланғаннан кейін оңалту курсынан өткен болатын.

БҰҰ-дағы Адам құқықтары жөніндегі сарапшылар Мәскеуді Навальныйға шетелде тексерілуге рұқсат беруге үндеді. Олар саясаткердің өміріне қауіп төніп отыр, ол азапталып жатқан болуы мүмкін деген пікірде.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу