Блоктың реттеушілері АҚШ-тың 3 вакцинасын мақұлдаған еді. Бүгінде америкалықтардың 30 пайызы толық екпе алып үлгерді. Дегенмен, Еуропада әлі санитарлық шектеулер қатаң сақталады. Сондықтан бұрынғыдай емін-еркін қыдыруға мүмкіндік жоқ. Эпидемиологиялық жағдай жақсарса, туризмнің жанданатыны сөзсіз. Әзірге құрама штаттың мемлекеттік департаменті америкалықтарға әлем елдерінің 80 пайызына бармауға кеңес берді. Рұқсат етілгендер қатарында Испания, Австрия, Дания және Эстония бар. Еуропалық Одақ Ресеймен арадағы дипломатиялық дауларға қарамастан, Спутник ви екпесін де мойындауы тиіс. Себебі оны кәрі құрлықтағы бірқатар елдер сатып алған. Бүгінде ресейлік вакцинаны кемі 1,5 млрд азамат салдырады деген жоспар бар.