Екпе алған студенттердің оқу ақысы төмендетіледі

984

Үкімет отырысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтердің 93,1% коронавирусқа қарсы вакцина алғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Екпе алған студенттердің оқу ақысы төмендетіледі

"9 тамыздағы жағдай бойынша, білім мекемелеріндегі педагогтердің 93,1%-ы және басқа қызметкерлердің 88,4%-ы коронавирусқа қарсы вакцина алды", – деді министр.

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, студенттерді вакцина алуға ынталандыру үшін университеттер арнайы іс-шараларды іске асырып жатыр.

"Оқу ақысын төмендету, ақысыз курс ұйымдастыру,  бағалы сыйлық беру сияқты бастамалар университеттерде кеңінен қолданылуда", – деді Асхат Аймағамбетов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу