Екпе алғандар бірқатар шектеуден құтылады

2406

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысына сәйкес  COVID-19 инфекциясына қарсы екпенің толық курсынан өткен адамдар үшін бірқатар шектеу алынып тасталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ВАК хабарламасына сүйеніп.  

Екпе алғандар бірқатар шектеуден құтылады

Атап айтқанда:

– ауруханаға жатқызудың кез келген түрі үшін, ұйымдасқан ұжымдарға барған кезде, вахталық қызметкерлерге, демалыстан, іссапардан кейін медицина қызметкерлеріне, ауруына байланысты жұмыс орнында болмаған кезде, медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттеріне және басқа адамдарға ПТР тест талап етілмейді.

– COVID-19 расталған адамдармен байланыста болған жағдайда оқшауланбайды, бірақ оларға медициналық бақылау қамтамасыз етіледі;

– кеңсе ұйымдарының қызметкерлері қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылмайды.

– Сонымен қатар шетелге сапарға шыққан кезде ПТР анықтамасы талап етілмейді.

– 1 шілдеден бастап екпенің екі компонентін салдырған адамдардың статусы "Ashyq" қосымшасында "жасыл" түсті көрсететін болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу