Екпе паспорты тек электронды форматта беріледі

1424

Вакцинация құжатының қағаз нұсқасы енгізілген жоқ.

Екпе паспорты тек электронды форматта беріледі

Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті  бланкіде ресімделген қағаз нұсқада ешқандай вакцинация құжатын бермейді. Егер мұндай өзгерістер енгізілетін болса, біз міндетті түрде алдын ала елдің барлық азаматтарына хабарлайтын боламыз. Бұл мәселе тіпті қарастырылмайды. Екпе алғандығын растайтын жалғыз жарамды паспорт — бұл электронды нұсқада! Сақ болыңыз және алаяқтардың арбауына түсіп қалмаңыз", - деп жазылған ведомство таратқан хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу