Бұл туралы оның туыстары мәлімдеді. Айтуларынша, вакцинаның екінші дозасын алған 44 жастағы азамат бір тәулік бойы өзін жайсыз сезінген. Екінші күні қалшылдап ауырып, есінен танып қалған. Ер адамды жедел жәрдем қызметі №4 қалалық ауруханаға жеткізіп, бірден жансақтау бөліміне жатқызылыпты. Туыстарының сөзінше, науқас екпені жұмысынан айырылып қалмау үшін, мәжбүрлі түрде салдырған. Вакцинаның бірінші дозасынан кейін де, бас ауруы жиілепті. Сондай-ақ, антибиотикке аллергиясы бар боп шықты. Қазір дәрігерлер жағдайдың екпемен байланысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу