Екпе салуға ешкімді мәжбүрлемейді

742

Коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны алғашқылардың бірі болып, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов алғаны белгілі. Еліміздің бас ұстазы өзі жол бастағаннан кейін басқа мұғалімдерге, оқушыларға мәжбүрлі түрде екпе салынып жүрмей ме?

Екпе салуға ешкімді мәжбүрлемейді

Бұл сұраққа министрдің өзі жауап берді. Оның айтуынша, қазақстандық вакцина клиникалық зерттеудің үшінші кезеңіне өткен. Екпені жан-жақты сұрыптаудан өткізу барысында халықаралық талаптар мен стандарттардың бәрі де мұқият сақталған. Бұл жерде ең басты мәселе – адамдардың қауіпсіздігі екеніне тоқталған министр жұртшылыққа вакцина салу келесі жылдың наурыз айына жоспарланып отырғанын жеткізді. Бірақ коронавирусқа қарсы екпені алу, алмауды әркім өзі шешеді. Мектеп оқушыларына да ешкім мәжбүрлікпен екпе салмайды.

"Осыдан бірнеше жыл бұрын мектептегі медицинаны біз Денсаулық сақтау министрлігінің құзыретіне берген едік. Осы саладағы әріптестерімізден де вакцинациялау туралы білуге болады. Бірақ екпе салуға ешкімді де мәжбүрлемейтінін ерекше айтқым келеді", – деді министр.

Қымбат Нұрғали

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу