Екпені заңмен міндеттеу талқыланып жатыр

1371

Екпені заңмен міндеттеу талқыланып жатыр

Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі, облыстар, Астана мен Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ, қоғам өкілдерінің ұсынысы бойынша кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету аясында балаларды міндетті вакцинациялау мәселелесі қаралып, зерттелу үстінде, деп хабарлайды Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметі.

Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы уәкілетті орган және оның өңірлік органдары тарапынан вакцинациядан бас тарту себептері мен динамикасына мониторинг жүргізіледі.

Соңғы жылдары республикамызда, оның ішінде еліміздің батыс аймақтарында діни көзқарасы бойынша вакцинациялаудан бас тарту мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Аталған аймақтарда бұл көрсеткіш 80% құрайды.

Діни көзқарасы бойынша екпеден бас тарту Атырау облысында 88,9%, Ақтөбе облысында – 87,9%, Батыс Қазақстанда облысында 89,3% құрайды. Діни көзқарасы бойынша бас тартудың жоғары көрсеткіші Оңтүстік Қазақстанда да байқалады (71,3%).

2016 жылы Қазақстан республикасында  профилактикалық екпеден бас тарту тіркелді. 2015 жылмен салыстырғанда бас тартқандар саны 13,4% (8383) өскендігі көрсетіледі.

Бас тартудың негізгі себептері 45% (4360) жеке мәселе бойынша,  42,9% (4151) діни көзқарасы бойынша бас тартса, ал, 6,2% (600) бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған жағымсыз ақпарттың салдарынан екпеден бас тартқан. Тұрғындардың 6,1% (589) вакцинаға сенімсіздік білдіреді.

Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша вакцинадан бас тарту санының өсуі вакциналық басқаруға болатын инфекцияға бейім контигенттің болуына әкеп соғады. Бұл олар ауырған жағдайда мүгедектік немесе адам өліміне дейін ауыр асқынуларға әкеледі.

Қазақстан республикасы Конституциясының 31 бабына сәйкес мемлекет адамның денсаулығы мен өмірі үшін жағдай жасау, қоршаған ортаны қорғауды мақсат етіп қояды.

Қазақстан республикасы Конституциясының 39 бабына сәйкес адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары тұрғындардың денсаулығын қорғау мақсатында қажетті деңгейде заңмен шектелуі мүмкін.

Қазіргі уақытта заң жобасы аясында қарастырылып отырған міндетті вакцинациялауды енгізу мәселесі талқылану үстінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу