Екпені заңмен міндеттеу ұсынылды

586

Екпені заңмен міндеттеу ұсынылды

Вакцинация жасатуды енді заңмен талап ету енгізілуі мүмкін. Мұндай өзгерісті дін істері туралы заңға енгізу қарастырылуда. Бұл туралы қауіпті инфекцияларға қарсы екпе алудан бас тартушыларға қатысты пікір білдірген Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті. Министр, діни көзқарастарына қатысты егілуден бас тартып жатқандар арасында мұсылмандар да, өзге дін өкілдері де жеткілікті екенін айтады. Ал, олардың қатарының артуына бірінші кезекте халық арасындағы түсіндіру жұмыстарының осалдығы себеп дейді министр.

"Қазіргі уақытта заңнамаға түзетулер топтамасы әзірленуде. Оның ішінде, мәселен, вакцинацияны міндетті түрде талап ету мәселесі де талқылануда. Бірақ, мұны жақтаушылар да, қарсы болушылар да бар. Біз барлық тараптың пікірін ескеруіміз керек. Әзірше, бұл мәселеге қатысты түбегейлі шешім қабылданған жоқ", - деді Нұрлан Ермекбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу