Экс-әкім мен орынбасары қамауға алынды

1167

Олар 2019 жылы "Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту" мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаражатын ірі мөлшерде ұрлады деген күдікке ілінген.

Экс-әкім мен орынбасары қамауға алынды

Алатау ауданының бұрынғы әкімі Шахмерден Рыспаев және оның бұрынғы орынбасары Саят Ағыбаев сот санкциясымен екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Сотқа дейінгі тергеу органы санкция беру үшін тергеу сотына жүгінді. Тергеу сотының қаулысымен күдікті Шахмерден Рыспаевқа қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", – деді Алматы қалалық сот баспасөз қызметінің өкілдері.

Алатау әкімінің орынбасары Саят Ағыбаев та осы мерзімге қамалды.

Естеріңізге салайық, 2020 жылы 18 қаңтарда Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі, оның орынбасары, сондай-ақ осы аудан әкімі аппараты мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысын әшкереледі.

Олар 2019 жылы "Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту" мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаражатын ірі мөлшерде ұрлады деген күдікке ілінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу