Экс-банкир Жомарт Ертаев 11 жылға сотталды

658

Жомарт Ертаев хикаясының алғашқы бөлімі аяқталды, деп хабарлайды Atameken Business.  

Экс-банкир Жомарт Ертаев 11 жылға сотталды

Сынға жиі ілінген судья Селицкий РБК бакнының экс-басшысы және оның сыбайластарына  қатысты бүгін  үкімді оқыды. Осылайша Жомарт Ертаев 11 жылға бас бостандығынан айырылды.  Жыры ұзаққа созылған 700 томдық істі бастан аяқ қадағалап келе жатқан алматылық әріптесім Ануар Кәрібозов тарқатып айтады. 

Соған қарағанда, Ертаевтың соттағы соңғы сөзі фемида өкілдерінің жүрегін жібітіп, иландыра алмаған сияқты. Сот мемлекеттік айыптаушының талабын қанағаттандырып отыр. Есте болса, өзін ақымақтардың қатарына қосқан сол кездегі күдікті, қазіргі сотталушы "ақшаны көріп, жолдан тайдым" деген еді. Босап шықса, ұрланған миллиардтарды соңғы тиынына дейін қайтарып беретініне серт берген болатын. Сондай-ақ экс-банкир "Ешқашан өзгенің дүниесіне қол сұқпа" деп аталатын кітап жазып, керек болса, дәріс оқитынын айтқан-ды. Еден жуып, қой баққанын, тіпті барахолкада жұмыс істегенін ашық айтқан ол босқа ағынан жарылған сынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу