Экс-депутат 15 тәулікке қамалады

506

Оған мас күйінде көлік жүргізген деген айып тағылды. 

Экс-депутат 15 тәулікке қамалады Фото: Дзен

Ақтөбе қалалық мәслихатының экс-депутаты Сәния Мұратованың үстінен Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің "Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру" бабы бойынша іс қозғалған болатын. Сот бұған дейін айыпталушыны  бірнеше мәрте процеске мәжбүрлеп әкелу туралы ұйғарым шығарғанымен, ол бүгінгі сот отырысында да төбе көрсетпеді.

"Сот қаулысымен С.Мұратова Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 1-бөлімімен кінәлы деп танылып, оған 15 тәулікке қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалды",- деді судья Дәулет Тулеуов.

Бұған дейін соттың шешімімен Сәния Мұратова алты ай мерзімге көлік жүргізу құқығынан айрылған болатын. Кейін  мандатынан бас тарту үшін сайлау комиссиясына арыз түсіріп, оны  қалалық мәслихат мақұлдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу