Бұрынғы Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев ұсталды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. Ол "ірі көлемде пара алды" деген күдікке ілігіп отыр. Бұл ақпаратты Антикор растады.
Еске салайық, Нұржан Әлтаев 2019-2020 жылдары сол кездегі "Нұр Отан" партиясының атынан Мәжіліс депутаты болған. Кейіннен, тіпті, партия құрамынан да шығарылды.
Депутат болғанға дейін Нұржан Әлтаев Ауыл шаруашылығы мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметтерін де атқарды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу