Экс-кениялық желаяқтар Бразилиядан жүдемен оралды

763

Бұл Джипкемей мен Джерутоның жаңа маусымдағы алғашқы жүлделері.

Экс-кениялық желаяқтар Бразилиядан жүдемен оралды

"Altay Athletics" клубының спортшылары Бразилияның Браганса-Паулиста қаласында өткен халықаралық жарыстың жүлдегерлері атанды, деп хабарлайды altaynews.kz.

Grande Premio Brasil de Atletismo-2019 деп аталатын байрақты бәсеке IAAF-тың (Халықаралық жеңіл атлетика федерацияларының қауымдастығы) World Challenge сериясына енеді.

Аталмыш жарыста бүгінде шығысқазақстандық "Altay Athletics" кәсіби жеңіл атлетика клубында өнер көрсететін отандастырымыз, экс-кениялық желаяқтар Дэйзи Джипкемей мен Нора Джеруто да бақ сынады. Спортшылар үш мың метрге жүгіруден алғашқы екі орынға ие болды. Дәлірек айтсақ, сайыс жеңімпазы Дэйзи Джипкемей аталмыш қашықтықты 8 минут 52,16 секундта жүгіріп өтсе, мәре сызығын екінші болып кескен Нора Джеруто 8 минут 53,3 секундқа тең нәтиже көрсетті.

Бұл Джипкемей мен Джерутоның жаңа маусымдағы алғашқы жүлделері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу