Бүгін Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР Ұлттық музейінің бұрынғы директоры, бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына және басқа да тұлғаларға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Сот үкімі бойынша, М. аса ірі мөлшерде пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылып, ҚК-нің 58-бабының 3 және 6-бөліктері негізінде, 20.06.2023 жылғы Астана Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен тағайындалған қатаң жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тыйым салына отырып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. И. парақорлыққа делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылып (ҚК 368-бабының 1-бөлігі), өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салынып, 6 айға бас бостандығынан айырылды. Т. аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып (ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы), 10 жыл мерзімге адвокаттық қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды", - деп жазылған Астана Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мәліметінде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осындаЖазылу