Экс-министр Ажар Ғиният қандай қызметке келуі мүмкін?

674

Қазір бұрынғы ведомство басшысы демалыста жүр. 

Экс-министр Ажар Ғиният қандай қызметке келуі мүмкін? Фото: primeminister.kz

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкіметте өткен брифингте Ажар Ғиният қандай қызмет атқаруы мүмкін деген мәселеде пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілші ведомство басшысынан "Экс-министр Ажар Ғиниятқа жаңа лауазым табылды ма?" деп сұрады.

"Қазір Ажар Ғиниятқызы демалыста. Өзінің дайын болуына қарай жұмысқа кіріседі деген ойдамын. Денсаулық сақтау жүйесінде оның тәжірибесі қолданылады деп ойлаймын", - деп жауап берді Ақмарал Әлназарова.

Журналистер бұрынғы ДСМ басшысы қандай лауазымда атқаруы мүмкін деп нақтылады.

"Конкурстық негізде болады. Қазір нақты бір ұйым туралы айту қиын", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу