Экс-министр Ажар Ғиният қазір қайда жүр?

1010

Оның нақты қандай лауазымға тағайындалғаны әзірге белгісіз. 

Экс-министр Ажар Ғиният қазір қайда жүр? Фото: gov.kz

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова экс-министр Ажар Ғинияттың қайда екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз бағалы кадрларымызды далаға тастай алмаймыз. Ажар Ғиниятқызының денсаулық сақтау жүйесінде әкімшілік жұмыстар бойынша тәжірибесі орасан. Оның сол тәжірибесін пайдаланатынымыз сөзсіз", - деді ол білім саласына арналған алқа мәжілісінің алдында. 

Бірақ министр әріптесінің нақты қандай лауазымға тағайындалатынын айтпады. 

"Ажар Ғиниятқызының нақты қандай жұмысқа келетінін жуықта білесіздер. Нақты қандай лауазым болатыны әзірге белгісіз. Бірақ денсаулық сақтау жүйесінде болатыны сөзсіз. Оның тәжірибесі бізге керек. Қазір демалып жатыр, онымен күнделікті байланыстамыз", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу