Экс-министр Бағдат Мусинге қатысты қылмыстық іс қозғалды ма?

842

Бұған дейін әлеуметтік желіде Бағдат Мусинге қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тараған болатын. 

Экс-министр Бағдат Мусинге қатысты қылмыстық іс қозғалды ма? Фото: Digital Business.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге қатысты қылмыстық іс шынымен қозғалды ма, жоқ па деген сұраққа жауап берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелерінде бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Мусин Бағдат Батырбекұлына қатысты қылмыстық іс жоқ", - деді сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің басшысы Қанат Сүлейменов.

Айта кетейік, сәуір айының соңында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бағдат Мусинді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатқан болатын. Одан кейін экс-министр қоштасу жазбасын жазып, онда ол жеке өзі отставкаға кеткенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу