Бұрынғы министр Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

231

Сот қамауда ұстау мерзімін 19 қыркүйекте бірден үш айға ұзартқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұрынғы министр Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды Фото: gov.kz

"Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық соты күдікті М.Бекетаевқа қатысты қамауда ұстау шарасын 2024 жылдың 21 желтоқсанына дейін ұзартуға санкция берді", – делінген хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметінің мәліметінше Марат Бекетаевқа қатысты қылмыстық іс тергеуі аяқталған.

Қазір қылмыстық іс қатысушылары іспен танысып жатыр. Содан кейін іс сотқа жолданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу