Экс-министр Бектановқа қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды

1076

Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшысы Мұрат Бектановқа қатысты сот қаулысы шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Экс-министр Бектановқа қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды

"2022 жылғы 22 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М.К. Бектановқа қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", – деп хабарлады бүгін елорда сотының баспасөз қызметі.

Қылмыстық процестік кодекстің 201 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жарияланбады.

Еске сала кетсек, Мұрат Кәрібайұлы Бектанов 20 ақпан күні ұсталған болатын. Оған қаңтардағы жағдайда міндетін толық орындамаған деген айып тағылып отыр. Бас прокуратура Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 452-бабы әрекетсіздік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу