Экс-министр Елжан Біртановқа тағы бір айып тағылды

964

Экс-министр Елжан Біртанов тағы бір іс бойынша күдікті деп танылды, деп хабарлайды Atameken Business.  

Экс-министр Елжан Біртановқа тағы бір айып тағылды

Экс-министр Елжан Біртанов тағы бір іс бойынша күдікті деп танылды. Ең қызығы, жаңа айыптың бұрынғыға еш қатысы жоқ. Мәселе мынада: былтыр коронавирус жұқтырған кезде Біртанов  басқа Үкімет мүшелерімен бірге Таразда іс-сапарда болған. Экс-министр астанаға делегациямен бір бортта емес, бөлек санавиация ұшағымен оралған. Осылайша, ол бюджет ақшасын жөнсіз шашты деген күдікке ілінді. Бұрынғы министрдің қорғаушысы  Нұрлан Бейсекеев тағылған жаңа айыппен келіспейді. Сөзінше, Біртанов өзге делегация мүшелеріне вирус жұқтырмау үшін басқа ұшаққа отырған, ал Нұр-Сұлтанға келгеннен кейін бірден жедел жәрдеммен инфекциялық ауруханаға жеткізілген. Сондай-ақ Біртановтың адвокаттары соттың үй қамағын ұзарту туралы қаулысына шағым түсірді. Олар бұлтартпау шарасын жеңілдетуді сұраған. Алайда, сот аппеляциялық шағымды қабылдамай, шешімін өзгертпеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу