Бұрынғы министр Марат Бекетаевтың қамау мерзімі 21 наурызға дейін ұзартылды

309

Бұл туралы Астана қалалық соты мәлім етті.

Бұрынғы министр Марат Бекетаевтың қамау мерзімі 21 наурызға дейін ұзартылды Фото: gov.kz

ҚР бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевты қамауда ұстауды тағы бір айға ұзарту туралы сот санкциясы қабылданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

"2024 жылғы 12 ақпанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотымен күдікті Марат Бекетаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 21 наурызға дейін ұзарту санкцияланды", - делінген сауал жауабында.

Сондай-ақ, қалалық соттан ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге деректердің жария етілмейтіні айтылды.

Еске сала кетейік, бұрынғы Әділет министрі лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу