Экс-министр Мұрат Бектанов ұсталды

1078

Бас прокуратура сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. 

Экс-министр Мұрат Бектанов ұсталды

2022 жылғы 19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 452-бабы әрекетсіздік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

2022 жылғы 20 ақпанда М.К. Бектанов осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп жазды inbusiness.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы жылдың қаңтарындағы жаппай тәртіпсіздіктер мен лаңкестік бойынша қылмыстық істерді тергеу кезінде бұрынғы Қорғаныс министрі Бектанов М.Қ. міндеттерін толық орындамағаны анықталды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу