Экс-министр Нұрлан Ермекбаев "соғысқа шақыру" туралы жалған ақпаратқа қатысты жауап берді

535

Еліміздің бұрынғы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев "отандық қауіпсіздік қызметкерлерін Ресей жағында Украинаға қарсы соғысуға шақырды" деген мәліметті жоққа шығарды, деп жазады Inbusiness.kz informburo.kz-ке сілтеме жасап. 

Экс-министр Нұрлан Ермекбаев "соғысқа шақыру" туралы жалған ақпаратқа қатысты жауап берді

Әлеуметтік желілерде бұрынғы министрдің телефон арқылы сұхбатта қарулы қақтығысқа қатысуға ниет білдірді деген ақпарат тараған болатын.

"Ойдан шығарылған осындай мәліметтерді оқығым да келмейді. Егер де қандай да бір күмәнді Telegram арналары жалған мәлімет жазса, олар ең алдымен өздеріне зиян тигізеді. Сондықтан да отандастарымызға мұндай жалған сайттар мен арналарға уақытын шығындамауға кеңес берер едім. Соңғы уақытта ешқандай сұхбат бермегенімді, ешқандай мәлімдеме жасамағанымды сеніммен айта аламын", – деді ол. 

Бұдан бөлек Нұрлан Ермекбаев Кеңес одағы кезінде ұрыс аймағына барып, қаза тапқандар мен жараланғандарды көргенін айтты. 

"Егер Отанымызға әскери қауіп төнген жағдайда ғана отандастарымды соғысқа баруға шақыруым мүмкін. Ал бұл мәселедегі ұстанымым біздің сыртқы саяси ведомствоның ұстанымымен сәйкес келеді", – деді бұрынғы министр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу