Экс-министр Сәкен Жасұзақов әскери атақтарынан айырылмайды

1089

Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштер жүйесінен шығарылған экс-министрге қатысты түсінік берді. 

Экс-министр Сәкен Жасұзақов әскери атақтарынан айырылмайды

Ведомствоның "ҚазАқпарат" агенттігінің сауалына берген жауабында Сәкен Жасұзақов бұрын алған әскери атақтарынан айырылмайтындығы айтылған. Сондай-ақ, зейнетақы төлемдері сақталып қалмақ.

Еске салсақ, Президент өкімімен Арыстағы жарылысқа жол берген бұрынғы қорғаныс министрі Қарулы күштер құрамынан шығарылып, үш жоғары әскери лауазымды тұлғаға қатаң сөгіс жарияланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу