Елімізде экс-прокурорлар мен полицейлерге зейнетақы тағайындау жүйесі өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды Atameken Business.
Ол тек 2012 жылы ғана тағайындала бастады. Осыған байланысты, аталған кезеңде жұмыстан шыққан құқық қорғаушыларға 14 жыл еңбек өтілі үшін өтемақы төленеді. Бүгінде елімізде осында 27 прокурор бар екен. Олар үшін бюджеттен жыл сайын 60 млн теңге бөлінбек.
Ал, полицейлер үшін әлеуметтік көмек арта түспек. Егер олар жұмыстан шығып қалса, бірден екі айлық есебінде қаржы төленеді. Бұдан бөлек, қызметте 10 жылдан 20 жылға дейін болса, мемлекет берген пәтерді жеке меншікке иемдену құқы берілмек. Сондай-ақ, құқық қорғаушыларды балалары балабақшаға кезексіз орналастырылады.