"Бұрынғы прокурормын деп сес көрсетті": Түркістанда көлік қаққан 13 жастағы баланың ата-анасы әділдік іздейді

360

Ата-анасы тергеу тым баяу жүріп жатқанын айтты.

"Бұрынғы прокурормын деп сес көрсетті": Түркістанда көлік қаққан 13 жастағы баланың ата-анасы әділдік іздейді Фото: видео скриншот

Түркістан облысында жол апатынан жарақат алған жасөспірімнің туыстары әділдік іздейді. 13 жастағы Саят Серікұлы велосипедімен көлікке соғылып, бес қабырғасы сынған екен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Информбюро-ға сілтеме жасап.

Велосипед тізгіндеген 13 жастағы Саят Серікұлын бір ай бұрын көлік қағып кеткен. Жол апатынан жеткіншектің бес қабырғасы сынып, қазір ол қозғала алмайды. Онымен қоймай баланы қағып кеткен жүргізуші өзін экс-прокурормын деп таныстырған екен. Сондықтан жәбірленуші тарап іс қысқартылып, кінәлі адам жазасыз қала ма деп қорқады.

Көпбалалы ананың айтуынша, көліктің иесі балаңды қараусыз қалдырдың деп анасын кінәлаған. Тіпті Саяттың ата-анасынан шығынды өтеп беруді сұрапты.

Көлік жүргізуші прокуратурада жұмыс істейтіні туралы ақпаратты жалған дейді. Ал велосипед тізгіндеген жеткіншектің туыстарынан өтемақы сұрағанын растайды.

Полиция "көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе пайдалану қағидаларын бұзуы" бабы бойынша тергеу әлі аяқталмағанын жеткізді. Алайда денсаулығына зақым келген баланың анасы бір айдан бері сот сараптамасы шықпағанын айтады. Сондықтан жәбірленушінің анасы прокуратураға арызданбақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу