Бұрынғы шенеунік Болат Мажағұлов "қашып кетер" деген күдікпен үйқамаққа жіберілмеді

209

Прокурор Астана қаласы Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы тергеу кезінде жасырынуға тырысқанын, оның шетелге ұшу билеттері болғанын айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұрынғы шенеунік Болат Мажағұлов "қашып кетер" деген күдікпен үйқамаққа жіберілмеді Фото: qazyr.kz

Судья осыны негізге алып, өтінішті қанағаттандырмады. Алғашқы сот отырысында прокурор айыптау актісін оқыды.

Онда Болат Мажағұлов 2016 жылы Есілдегі "Күн" субұрқағын салу кезінде 1 млрд теңгеден астам қаражат жымқырды деген күдікке ілінгені айтылды.

Әрі құрылысты ешқандай тендерсіз жүргізген. Оның сыбайласы ретінде құрылыс компаниясының басшысы Мади Қанапин де сотта жауап беруде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу