Бұрынғы сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов таяу уақытта елші қызметіне тағайындалуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Қайрат Құдайбергенұлы әрі қарай дипломатиялық жұмысты жалғастыру шешімін жасады. Жақын арады оның мемлекеттердің біріне тағайындалуын (елші қызметіне) күтіп отырмыз", – деді Бейбіт Атамқұлов.
Айта кетейік, мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР сыртқы істер министрі қызметінен босатылған еді. Сонымен қатар, 2018 жылғы желтоқсанның соңында Қазақстанның жаңа сыртқы істер министрі қызметіне Бейбіт Атамқұлов тағайындалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу