"Қазпошта" АҚ 2019 жылғы 5 қарашаға дейін "Эксимбанк Қазақстан" АҚ-ның салымшыларына төлем жүргізуді жалғастырады. Бұл туралы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорынан хабарланды.
Тиісті келісімге 2 тамызда қол қойылған.
"Қазпошта" АҚ-на кепілдік берілген өтемді алуға өтініш білдірмеген салымшылар 2019 жылғы 5 қарашадан кейін өтемді тікелей ҚДКБҚ-нан алуға құқылы. ҚДКБҚ қаражатынан төлем 258,3 миллион теңгені құрайды, депозиттер сомасының 97%-ы толық көлемде кепілдікпен қамтылған",– делінген хабарламада.
Айта кетсек, төлем басталған сәттен, яғни 2019 жылғы 4 ақпаннан бастап "Қазпошта" АҚ-ға өтемді алуға 117 салымшы өтініш жасаған екен. Өтемнің жалпы сомасы 257 миллион теңгеге тең.
Өтемді алуға асықпаған салымшылардың денінің депозиттегі сомасы 1 мың теңгеден аспайды.