"Эксимбанк Қазақстанды" тарату туралы сот шешімі күшіне енді

945

Салымшыларға өтемақы "Қазпошта" арқылы төленетін болады.

"Эксимбанк Қазақстанды" тарату туралы сот шешімі күшіне енді

"Эксимбанк Қазақстан" АҚ-ны мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енді, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.

2019 жылғы 16 қаңтарда Алматы қалалық соты Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының "Эксимбанк Қазақстан" АҚ-ны мәжбүрлеп тарату туралы 2018 жылғы 28 қарашадағы шешіміне "Қазақтелеком" АҚ-ның шағымын қанағаттандырусыз қалдырды. Осылайша, МАЭС-тың "Эксимбанк Қазақстан" АҚ-ны мәжбүрлеп тарату туралы 2018 жылғы 28 қарашадағы шешімі 2019 жылғы 16 қаңтарда заңды күшіне енді.

Салымшыларға өтемақы "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ есебінен "Қазпошта" арқылы төленетін болады.

"Эксимбанк Қазақстан" АҚ-ның салымшыларынан өтініштер қабылдау және өтемақы төлеу алты ай ішінде – 2019 жылғы 4 ақпаннан бастап 4 тамыз аралығында жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу