Эксимбанк салымшыларына өтемақы алуға 5 қарашаға дейін уақыт берілді

844

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры банктің өтемақы алмаған 155 салымшысын енді 5 қарашаға дейін күтетінін ескертеді. 

Эксимбанк салымшыларына өтемақы алуға 5 қарашаға дейін уақыт берілді

Астана Банкі, Qazaq Banki және Эксимбанк салымшылары алдындағы міндеттемелердің 99%-ы өтелді. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры осылай хабарлады.

Қор Эксимбанктің өтемақы алмаған 155 салымшысын енді 5 қарашаға дейін күтетінін ескертеді. Ал "Qazaq Banki" АҚ және "Астана Банкі" АҚ салымшыларының өтініш беру және өз қаласында агентбанктен төлем алу үшін екі айдан үш айға дейін уақыты бар екен.

"Астана Банкі" АҚ салымшылары 2020 жылдың 26 қаңтарына дейін "Еуразиялық банк" АҚ агент банкіне өтініш беріп, төлемді ала алады. "Qazaq Banki" АҚ салымшылары болса "Банк ВТБ (Қазақстан)" АҚ ЕҰ-дан осы жылдың 24 желтоқсанына дейін алып үлгерулері керек.

ҚДКБҚ "Астана Банкі" АҚ, "Qazaq Banki" АҚ және "Қазақстан Эксимбанкі" АҚ салымшылары алдындағы міндеттемелердің бастапқы сомасының 99%-ын өтеген – 59 миллиард теңге төленген. Алайда, агент банктерден әлі 220 мың адам келіп, өз салымын алу керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу