ЭКСПО-2017 Арт-орталығында роботтар мүсін қалап, сурет салады

821

ЭКСПО-2017 Арт-орталығында роботтар мүсін қалап, сурет салады

10 маусымнан бастап, ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде үш ай бойы "Astana Contemporary ArtCenter" павильоны танымдық негізге келушілерді әртүрлі бағыттағы заманауи өнер туындыларымен таныстырады. Арт-орталық кез-келген жастағы аудиторияны қамтиды.

Павильондағы іс-шаралар бағдарламасын құрастыру үшін Францияның Ұлттық мұражайлар бірлестігі мен Ғаламат Сарай (Grand Palais) және "Гараж" заманауи өнер мұражайы жұмылдырылды.

Павильонның бірінші қабатында заманауи өнердің халықаралық жетекші орталықтарында ұсынылатын көрме және білім беру жобалары ұйымдастырылады. Ал екінші қабатында 13 мемлекеттен келген 17 заманауи суретшінің қатысуымен "Artists&Robots" көрмесі өткізіледі. Көрме өнер туындысын ойлап шығаратын машина туралы армандаған әртүрлі замандағы суретшілердің зерттеуіне арналады. Интерактивті көрме негізінде қонақтарға натурамен сурет салатын робот және мүсінші-робот таныстырылады, сондай-ақ видео-арт пен көптеген робот халықтың көз алдында құрастырылады.

Павильон дәрісханасында арт нарығына, заманауи кураторлық тәжірибелер мен баспа ісіне арналған дәрістер өткізіледі. Сонымен қатар, замануи өнерге арналған 300-ге жуық фильм көрсетіледі. Фильмдер қазақ тілінде, орыс және ағылшын субтитрлерімен көрсетіледі.

Көрмеге келушілерге күн сайын балаға және отбасыға арналған шығармашылықты және қалыптан тыс ойлау жүйесін жетілдіру бағытындағы білім беру бағдарламалары қолжетімді болады. Сондай-ақ заманауи өнерге арналған кітапхана да жұміс істейді. "Гараж" Мұражайы арнайы инклюзивті бағдарлама әзірлеп жатыр, ол мүмкіндігі шектеулі жанның көрмені тамашалауына және білім беру жобаларына қатысуына жағдай жасайды. Құлағы нашар еститін жандарға арнайы ишарат-ым тілінде экскурсия өткізіледі.

Интеллектуалды даму тұрғысынан ерекшелігі бар азаматтар үшін арнайы дидактикалық материалдар мен визуалды оқулықтар дайындалады. Ал зағип жандар мен көзі нашар көретін азаматтар үшін тактильді модель (дене арқылы жанасу) және тифлокомментарий көмегімен экскурсия жүргізілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу