ЭКСПО-2017 аясында Александр Масляков Астанада көңілді тапқырлар клубының ойынын өткізеді

735

ЭКСПО-2017 аясында Александр Масляков Астанада көңілді тапқырлар клубының ойынын өткізеді

Белгілі командалар қатысатын көңілді тапқырлар клубы жоғарғы лигасының жазғы кубогы жазда Астана өтеді, деп хабарлады Астана қалалық мәдениет басқармасы.

Көңілді тапқырлар клубының жыл сайынғы жазғы кубогы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі және Астана күні аясында өтеді.  "Бұл ойынның тарихында тұңғыш рет Александр Масляковтардың үлкені Қазақстанның астанасында соңғы жылдардағы жоғарғы лига чемпиондары арасында ойын өткізеді", - деп хабарлады басқармадағыдар. 

Жазғы чемпионат бірінші шілде күні өтеді. Кубок үшін Астанада  "Азия MIX" (Бішкек), "Сборная Камызякского края", "Город Пятигорск" командалары сайысқа түседі. Сонымен бірге арнайы осы ойын үшін "KAZAХИ" командасы қайта қатарға қосылады.  "Үздік командалармен қатар бізге қазылар алқасының тұрақты мүшелері келеді", - деді мәдениет басқармасының өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу