ЭКСПО-2017 аясында кинонарық өткізіледі

710

ЭКСПО-2017 аясында кинонарық өткізіледі

ЭКСПО-2017 көрмесі аясында маңызды шаралардың біріне айналатын "Еуразия" халықаралық кинофестивалі аясында, алғаш рет "Еуразия фильм маркет" кинонарығы ұйымдастырылады. Бұл туралы үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді.

Кинонарық – кино өнімі ұсынылатын, сатып алынатын және сатылатын іскерлік көрме-жәрмеңке.

Егер фестиваль кино көрсетіліміне баруды қарастыратын болса, кинонарықта нағыз кино саудасы – яғни фестивальде көрсетілген фильмдерді сатып алу, сату үдерісі орын алады. Кинокомпаниялар – құқық иелері жаңа фильмдер мен әлі аяқталмаған кино өнімдерінің үзінділерін ұсынады. Бұдан өзге, кинонарық кәсіби өздігінен білім алу алаңына айналады: продюсерлер мен режиссерлерге конференциялар, "дөңгелек үстелдер", тақырыптық пікірталастар, шеберлік сыныптары өткізіледі.

"Әлемнің барлық ауқымды кинофестивалінде дәл осы кинонарық кәсіби мамандардың үлкен қызығушылығын тудырады", – дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу