ЭКСПО-2017 билеттері Миландағы көрмемен салыстырғанда 4 есеге арзан

963

ЭКСПО-2017 билеттері Миландағы көрмемен салыстырғанда 4 есеге арзан

10,6 еуро тұратын билетінің орташа құны еліміздің халқы мен шетел қонақтарына Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне баруға мүмкіндік береді.  Жалпы 2 миллионнан астам қонақ келеді және көрме шамамен 5 миллион рет тамашаланады деп болжанып отыр, деп жазады finprom.kz.

2015-2016 жылдар маңызды оқиғалармен есте қалды. Атап айтқанда 2015 жылы "Евровидение" ән байқауы, Миланда "ЭКСПО-2015" бүкіләлемдік көрмесі өтсе, 2016 жылы Рио жазғы олимпиада ойындары және футболдан Еуропа чемпионаты өтті. Бұл оқиғалардың барлығы мәдени-бұқаралық сипатқа ие.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мұндай іс-шараларды өткізу кезінде билеттердің 70-75% жергілікті деңгейде сатылады, бұл қолжетімді баға туралы мәселені туындатады.

Ішкі нарықтағы сұраныстың жоғары деңгейін құру үшін Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің ұйымдастырушылары арнайы билет бағдарламасын бекітті, оның арқасында билеттің орташа бағасы 10,6 еуроны құрайды, ал Миландағы "Экспо-2015" көрмесінде билеттің орташа құны – 45 еуроны, Евровидение 2015 -те – 132 еуроны, Рио-2016-да – 21,1 еуроны, Еуро-2016-да – 219 еуроны құрады.

10 желтоқсанда Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне билеттерді офф-лайн сату басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу