ЭКСПО-2017 билеттері жоспардағыдан жылдам сатылуда

711

ЭКСПО-2017 билеттері жоспардағыдан жылдам сатылуда

Өткен жексенбіде ЭКСПО-2017 алаңында басты дайындық шарасы өтті, онда ұйымдастырушылар көрме аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен аралауға қолайлы жағдайлар жасау қызметтерінің даярлығын, сондай-ақ, сервис нысандарының техникалық дайындығы мен павильондардың әзірлігін тексерді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Көрме ашылғанға дейін 1 млн-ға жуық билет сату жоспарланған, алайда, сатылым көлемі бұл деңгейден 20%-ға асып түсті, деді Дәулет Еркімбаев. Көрмеге келушілер санының көп болатынына байланысты тиісті шаралар қабылданған.

Қауіпсіздік департаментінің директоры Рүстем Шәкеновтың мәліметі бойынша, халықаралық көрменің ашылуына орай жоспарланған шаралардың барлығы толық көлемде орындалды. Қажетті жабдықтардың барлығы сатылып алынды және орнатылды. Бейне бақылау, дабыл, көрме ашықтығын басқаруды бақылау жүйелері толығымен қамтамассыз етілген.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мамандардың барлығы – құқық қорғау органдарының, жеке күзет құрылымдарының қызметкерлері оқыту курстары мен тілдік даярлықтан өтті.  

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу