ЭКСПО-2017 қонақтары Байқоңыр айлағына сапарлай алады

1258

ЭКСПО-2017 қонақтары Байқоңыр айлағына сапарлай алады

Салынып жатқан Ұлттық ғарыш орталығы аумағында алдағы ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Астана – Байқоңыр туристік бағдарын ұйымдастыру жоспарлануда, деді "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" АҚ президенті Марат Нұрғожин "Қазақстандағы ғарыш күндері – 2016" халықаралық семинары барысында.

"Біз бюджеттік емес инвестициялар аясында Ұлттық ғарыш орталығы құрылысының екінші кезеңін іске асыруға кірістік. Ол кіріктіріп салынған үй-жайлары, паркингі, балабақшасы, сауда-ойын-сауық кешені бар тұрғын үй кешенін қамтиды", – деді "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" АҚ президенті Марат Нұрғожин.

Ол ҰҒО аумағында көрме мұражай аймағын құру, сондай-ақ алдағы ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Астана – Байқоңыр туристік бағдарын ұйымдастыру жоспарланғанын атап өтті.

Сондай-ақ ол ҰҒО заманауи ғарыш технологияларын дамыту орталығына айналатынын және оның мемлекеттік деңгейде қолдау тапқанын атап өтті.

М. Нұрғожиннің айтуынша, қазір инвестициялар тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу