ЭКСПО-2017 көрмесінде Абай өлеңдерінің жинағы кәдесый ретінде ұсынылады

1052

ЭКСПО-2017 көрмесінде Абай өлеңдерінің жинағы кәдесый ретінде ұсынылады

"ЭКСПО-2017" көрмесінде Абай өлеңдерінің жинағы кәдесый ретінде ұсынылады. Бұл туралы  Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

2016 жылдың желтоқсан айында "Семей-Көркем" баспаханасынан жарық көрген  кітапқа Ұлы ақынның көпшілікке кең танымал шығармалары енгізілді.

Бұл топтаманың ерекшелігі, саяхатшылар үшін қойынға салуға ыңғайлы етіп шығарылған.

Ақын  шығармаларын әлемге таныту, дүниежүзілік маңызын насихаттау мақсатында Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік қорық-мұражайы қазақ, қытай, ағылшын, орыс тілдерінде өлеңдер жинағын баспаға дайындаған.

Жинақта суретшілер Н.Өтепбаев (Абай портреті), Е.Сидоркиннің (графика) туындылары пайдаланылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу