ЭКСПО-2017 көрмесінде Нидерланды павильонын жасақтауға Royal Dutch Shell компаниясы үлес қосады

1254

ЭКСПО-2017 көрмесінде Нидерланды павильонын жасақтауға Royal Dutch Shell компаниясы үлес қосады

26 қазанда Нидерланды Корольдігінің Сыртқы істер министрлігінде осы елдегі Қазақстан Республикасының елшілігі өкілдерінің қатысуымен Голландия үкіметі мен Royal Dutch Shell мұнай-газ компаниясы арасында "ЭКСПО-2017" Халықаралық көрмесі аясындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы қазақстандық дипломатиялық өкілдікке сілтеме жасай отырып "ҚазАқпарат" хабарлайды.

Шараға Нидерланды СІМ, Royal Dutch Shell компаниясының өкілдері, Нидерландыдағы ҚР Елшісі Мағжан Ілиясов, ҚР-дағы Нидерланды елшісі Дирк Ян Коп, сондай-ақ Нидерландыдағы "ЭКСПО-2017" ұлттық комиссары Ханс Дриссер қатысты. Келісім қомақты қаржылық қолдаумен қатар, Голландия үкіметі мен Royal Dutch Shell компаниясы арасында Нидерланды Ұлттық павильонын сапалы жасақтандыру үшін тығыз ынтымақтастықты қарастырады.

Астанада голландықтар су ресурстарын басқарудағы бірегей тәжірибесімен бөлісіп, сондай-ақ жасыл экономика мен балама қуат көздеріне саласындағы озық технологияларын таныстырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу