ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушы елдердің саны жоспарланғаннан асып жығылды – СІМ

898

ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушы елдердің саны жоспарланғаннан асып жығылды – СІМ

112 ел мен 18 халықаралық ұйым ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды strategy2050.kz.

"Алдын ала тіркелген мәлімет бойынша  көрмеге 100 ел  мен 10 халықаралық ұйым  қатысатын болған. Қорытындысында ЭКСПО-2017 көрмесіне 112 ел мен 18 халықаралық ұйым қатысатын болды. 108 ұлттық секцияның комиссары тағайындалды", – деді Е.Ыдырысов.

Министр айтып өткендей, ведомство ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде  шетелдік мемлекеттердің қатысуын қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыс атқарылды.

"Халықаралық  қатысушыларды тарту – өте күрделі үрдіс. Әрбір қазақстандық елшілікте  ЭКСПО көрмесі үшін жауапті бір тұлға сайланды. Тұрақты түрде  Қазақстанда аккредиттелген шетелдік елшілермен келіссөздер өткізіліп келеді", – деді Е.Ыдырысов.

Сондай-ақ, министр айтқандай, көрме аясында ірі халықаралық шараларды өткізуге дайындық жүргізілуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу